Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

ҮШ КӨБЕЛЕК(неміс ертегісі)


kobeleks

Күн шуақты алаңқайда апалы-сіңлілі үш көбелек тату-тәтті өмір сүріпті. Олардың біреуі-ақ, екіншісі — қызыл, үшіншісі — сап-сары екен.
Көбелектер гүлден-гүлге қуана ұшып-қонып, өмірлерін көңілді өткізіпті.
Бірде тасыр-тұсыр етіп жаңбыр жауып кетеді. Көбелектердің қанаттары дымқылданып,қайда тығыларын білмей дал болады. Ал, себелеп жауған жаңбыр тоқтар емес!
Малмандай су болған көбелектер лалагүлге келіп:
— Лалагүл, лалагүл! Бізді жаңбырдан тасалашы! — деп өтінеді. Лалагүл:
— Жарайды, ақ көбелектің түсі маған ұқсайды екен. Мені саяласын! Ал, қызыл, сары көбелек басқа жерге тығылыңдар! — дейді.
Мұны естіген ақ көбелек:
— Менің әпкелерім су болып жүргенде, жалғыз өзім сенің саяңда қалай жайбарақат отырамын. Оларды да тасаңа тыға алмасаң, онда мен де отырмай-ақ қояйын… — деп ұшып кетеді.
Үшеуі ұшып келеді, ұшып келеді. Жаңбыр да қоятын түрі жоқ. Қараса, үлкен қызыл қызгалдақ өсіп тұр екен.
— Қызғалдақ, қызғалдақ! Мүмкін болса, жаңбыр саябырлағанша біз се¬нің ығыңа тығыла тұрсақ бола ма?
— Қызыл көбелек маған ұқсайды. Соны алайын қалқама. Ал, ақ көбелек пен сары көбелек басқа орын іздесін! — дейді Қызғалдақ.
Бұған ренжіген қызыл көбелек:
— Сен менің әпкелерімді қабылдағың келмесе, маған да көмектеспей-ақ қой. Тоңсақ, бірге тоңайық, — деп ұшып кетеді.
Қызыл көбелек қараса, алдарында үлкен сарғалдақ өсіп тұр. Олар гүл жанына ұшып келіп:
— О, тамаша сарғалдақ! Жаңбыр тоқтағанша сені ықтай тұрайықшы?! -деп өтініш жасайды.
— Жарайды, мен өзім түстес сары көбелекті жаңбырдан қорғай тұрайын. Басқаларың өзге жер іздеңдер, — деп жауап қайырады.
— Жо-жоқ! Сен менің әпкелеріме көмек бере алмасаң, мен де сені паналамаймын! Одан да су болғаным артық, — деп жауап қайырып, ұшып кетеді.
Көбелектердің бұл сөздерін бұлттың ар жағында тығылып тұрған күн естіп қалады. Күн көбелектердің өзара татулығына, ауызбіршілігіне қуанады. Оларға көмектесуге ұйғарады.
Күн бұлттарды ыдыратып жіберіп, аспанға жарқырап шыға келеді. Жылы шуақтарымен көбелектердің су болған қанаттарын кептіріп, алтындай сәу¬лелерімен арқаларынан сипайды.
Қуанған көбелектер қанаттарын шаттана қағып, қайтадан көңілдене бастайды. Алаңқайдың көркін кіргізіп, әрі-бері ұша бастайды. Бірақ, мұнан кейін олар ешқашан лалагүл, қызғалдақ және сарғалдақ гүлдеріне қонбайтын болыпты.
«Шын достар — тек қиындықта сыналады» деген сөз содан
қалса керек.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Айлакер түлкі һәм аңқау тиын
  • «Қызғалдақ» ағылшын ертегісі
  • Қаһарман қыз ертегісі
  • Шудукай (авар ертегісі)
  • Жыл патшасы

комментария 7 Пікір қосу

  • Ani 12.02.2020 в 17:38

    Осы ертегинин аудиосы бар ма екен

    Ответить
  • Айгерім 21.06.2019 в 17:55

    Кандай керемет ертегі.балаларга ягни кыздарды кобелек етіп киіндіріп ертегі әлемінде театрландырылган көрініс үшін оте кызыкты болары сөзсіз

    Ответить
  • Гау 31.03.2015 в 22:59

    бұл ертегіні қалай алса болады?

    Ответить
  • балнур 03.01.2015 в 12:41

    ертегі қызықты екен

    Ответить
  • 5akkoyan_bala_bak 26.03.2014 в 14:53

    Көрініс ретінде балаларға бимен үйретсем деп ойлаймын

    Ответить
  • 5akkoyan_bala_bak 26.03.2014 в 14:52

    Көбелек ертегісі өте қызықты екен маған ұнады.

    Ответить
  • murzik 11.03.2014 в 08:45

    өте жаксы ,бтрақ қысқа

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Мектепке дейінгі білім берудегі этнопедагогикалық мұра

    28 Июл 2026 / Толық оқу

  • Балабақшадағы педагогикалық диагностика

    28 Июл 2026 / Толық оқу

  • Балабақшадағы дене тәрбиесі сабақтарындағы сауықтыру технологиялары

    28 Июл 2026 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Мектепке дейінгі білім берудегі этнопедагогикалық мұра
  • Балабақшадағы педагогикалық диагностика
  • Балабақшадағы дене тәрбиесі сабақтарындағы сауықтыру технологиялары
  • Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауындағы себеп-салдар байланыстары
  • Балалардың қоршаған ортаға деген қатынасын қалыптастыру
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.